Жыл басынан бері 7 515 өрт оқиғасы болып, 251 адам қаза тапты

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қаралды. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов, Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов баяндама жасады.

2021 жылдың 8 айында Қазақстанда 7 515 өрт тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,8%-ға аз. 251 адам қаза тапты (+20,6%), 217 адам түрлі дәрежедегі жарақат алды (+18,5%). Өрттен келген материалдық шығын 6,5 млрд теңгені құрады (+90,6%).

Өрттердің ең көп саны тұрғын үй секторында (58%) және көлікте (18,5%) болады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жол картасы әзірленуде.