Аягөз қаласында жас жігіттерді әскер қатарына шығарып салу шарасы ұйымдастырылды

Аягөз қаласы қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінде Отан қорғауға дайын жас жігіттерді әскер қатарына шығарып салу шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі.

Аталмыш шара Аягөз қаласы қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы подполковник Сабыржан Айтқазинның құттықтау сөзімен басталды. Бөлім бастығы болашақ сарбаздарды қанаттандырып, жауынгерлік рух беріп, Отансүйгіштікке тәрбиелейтін жалынды сөздерін айтты. Сонымен қатар, әскерге аттанушыларға арнайы әзірленген шақыртуларын табыстады.

– Бүгінгі әскер қатарына шығарып салу шарасы үлкен әсер қалдырып, бойымызға нық сенім ұялатты. Ел сенімін ақтап, Отан алдындағы борышымызды абыроймен атқаруға тырысамыз, – деді болашақ сарбаз Қайрат Кенжебек.

Шара соңында жиынға қатысқан бөлім қызметкерлері де бозбалаларға ізгі тілектерін айтып, ақ жол тіледі.