Елімізде 65 098 адам коронавирустан емделіп жатыр

24 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 65 098 адам коронавирус инфекциясынан (–56 297 + және 8 801 КВИ-) емделуде. Бұл туралы ДСМ хабарлады.

Олардың ішінде 11 576 пациент стационарда, 53 522 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 905 адамның жағдайы ауыр,

• 241 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 106 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.