Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, 2019 жылғы әлем вице-чемпионы Элизабет Тұрсынбаева мансабын аяқтағанын мәлімдеді.
Элизабет Тұрсынбаева Instagram-парақшасында мансабын аяқтауға арқасынан алған жарақаты себеп болғанын айтып, ұзақ уақыттан бері денсаулығы мазалап жүргенін жасырмады.
Мәнерлеп сырғанаушы халықаралық сайыстарда барлығы 39 медальға қол жеткізді. Олардың 17-і алтын. 2019 жылы әлем чемпионатында күміс жүлде алды.