БастыӘлем

«Талибанның» идеологиясы бізді 20 жылға артқа апарып тастады»: Ауған әйелдері құқықтарын қайтаруды талап етуде

Ауған әйелдері өздерінің құқықтарын қайтаруды талап етуде.

Кабулда жексенбі күні әйелдердің құқығын бұзуға қарсылық білдірген бірнеше әйел «Талибанға» қарсы наразылық шеруіне шықты. Олар, жұмыс істеу мен оқуға деген мүмкіндіктерін қайтаруды талап етеді.

Ислам әйелдерге тәліптерге қарағанда көбірек құқық береді, – дейді наразылық білдіруші әйелдердің бірі.

– Олар неге бізді құқығымыздан айырады? Бізге қыздардың қайтадан мектепке барып, білім алғаны, ал әйелдердің жұмысына оралғаны қажет. Бәрі бұрынғыдай болуы керек. Басқа ештеңе сұрамаймыз. Тек адам ретіндегі құқығымызды қайтарыңдар, дейді ол.

«Талибанның» идеологиясы бізді 20 жылға артқа апарып тастады, дейді белсенділердің бірі. – Әйелдер 20 жылда халықтың, әсіресе әйелдердің жеткен жетістігі жойылып кете ме деп қорқады. Сол себептен де әйелдер көрші елдерге қашып кетуге тырысып жатыр.

Бір ай бұрын Ауғанстан билігіне келген тәліптер әйелдердің құқығын бұзбаймыз деп мәлім еткен едіә, бірақ бірде бір әйел жаңа үкіметтің құрамына кірген жоқ. Оған қоса, қыздарға орта мектепте білім алуға тыйым салынды.

EURONEWS

Сымбат Төлегенова

Тулегенова Сымбат Тулегеновна родилась 9 марта 2000 года в городе Жезказган, Карагандинская область. Окончила Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева (2017-2021). Специальность - журналист.

Басқа жаңалықтар

Back to top button