Басты

Апатты жағдай орын алуының кесірінен Жезқазған тұрғындары су мен жарықсыз қалды

Бүгін Жезқазғанда жарық пен су уақытша өшірілді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Құрметті жезқазғандықтар! Бүгін, 9 маусымда таңертең жылу электр орталығында болған апатты жағдай салдарынан қала бойынша электрэнергия мен сумен қамту уақытша тоқтатылды. ЖЭО жөндеу- қалпына келтіру жұмыстары басталып кетті. Энергия және сумен қамту жақын арада қалпына келтіріледі. Жағдайды дұрыс түсініп, сабырлық танытуларыңызды сұраймыз», – делінген хабарламада.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button