БастыМәдениет

Тұрсынғазы Рахимовтың 70 жылдығына арналған еске алу концерті өтті

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы «Халық әні» бөлімінің XIX концерттік маусымының ашылуына орай әнші-композитор Тұрсынғазы Рахимовтың 70 жылдығына арналған «Сәби болғым келеді» атты Семей қаласы әкімдігімен бірлескен еске алу концерті өтті.

Кештің мақсаты ұлттық классикамыздың  дәстүр нақышында, халықтық мәнерде ән шығарған, Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Мәди, Естай, Жаяу Мұса, Әсеттерден жеткен сал-серілерінің  жалғасы, «Сәби болғым келеді» «Дариға, домбырамды берші маған!», «Қазағым-ай», «Аягөз-Ару» атты сан алуан сырлы әндерімен  халықтың жүрегін тербеген Тұрсынғазы Рахимовты еске ала отырып келер ұрпаққа шығармашылын насхаттау.

Тұрсынғазы Рахимовты еске алу кешінде елорда филармониясының «Халық ән» бөлімінің әншілері: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері- Гүлзира Бөкейхан, Айгүл Қосанова, Гүлмира Сарина, Мәдениет саласының үздігі – Секен Сыздықов, Нұрай Танабаев, Берік Омаров, Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары – Данияр Мұқан, Перизат Тұрарова, Сәулежан Тағзия, Өзгеріс Шерікбай. Дәстүрлі ән бөлімінің көркемдік  жетекшісі Телман Нұркенов сонымен қатар филармонияның «Шалқыма» Халық би ансамблі, көркемдік жетекшісі Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері – Абдурасул Есекеев және «Сарыарқа» фольклорлық ансамблі, көркемдік жетекшісі «Мәдениет саласының үздігі» – Тоғжан Жахин өнер көрсетті.

Осы кешке композитордың отбасы және өнердегі інілері, шәкірттері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері – Рамазан Стамғазиев, Еркін Шүкіманов, Клара Төленбаева, Толғанбай Сембаев, Нариман Абдрахманов концерттің арнайы қонақтары ретінде келіп әннен шашу шашты.

Сазгердің Семейден келген әнші інілері мен шәкірттері: Нұриден Иманбаев, Серік Бабаханов, Қайрат Қамидолдин, Елдос Жақсылықов, Гүлдана Ноғайбаева, Алтын Смасейтова, Жасұлан Тәжиевсынды өнер иелері ән шырқап, дәстүрлі ән өнерінің құдыретін паш етті. Қарапайымдылығымен халқына сүйікті болған, Сәби жүректі сазгерді еске алу кеші жоғары деңгейде өз мәресіне жетті.

Сымбат Төлегенова

Тулегенова Сымбат Тулегеновна родилась 9 марта 2000 года в городе Жезказган, Карагандинская область. Окончила Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева (2017-2021). Специальность - журналист.

Басқа жаңалықтар

Back to top button