БастыДенсаулық

Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы көш бастап тұр

Елімізде коронавирус вакцинасын салдыруға қатысты 17 қыркүйектегі мәлімет жарияланды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің Телеграм парақшасы жазды.

17 қыркүйектегі мәлімет бойынша Қазақстанда вакцинаның I компонентін 7 228 047 адам салдырды, II компонентті 6 059 729 адам егілді.

Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында, қалада: 922 556 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 821 717 адам екінші компонентін салдырған.

Екпе алудан екінші орында – Түркістан облысы. Өңірде 824 620 адам коронавирус вакцинасының 1-компонентін, 642 284 адам 2-компонентін егілген.

Үшінші орында Алматы облысы – 725 430 адам екпенің бірінші бөлігін алса, 606 788 адам екінші бөлігін қабылдаған.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button