БастыСпорт

Елордалық спортшы джиу-джитсудан Азияның үш дүркін чемпионы атанды

Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында джиу-джитсудан «Asian Jiu Jitsu Championship 2021» Азия чемпионаты өтіп жатыр. Байрақты бәсекеге 19 елден 500-ге жуық спортшы қатысуда. Жарыстың алғашқы күні ел намысын қорғаған елордалық спортшылар «NE-Waza» бөлімі бойынша сынға түсті, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

57 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған елордалық спортшы Галина Дуванова жарыстың алтын жүлдесін жеңіп алып, үш дүркін Азия чемпионы атанды.

Чемпионаттың алғашқы екі кездесуінде Галина қарсыластарын уақытынан бұрын жеңіп, ақтық мәреге жолдама алды. Финалда БАӘ-нің спортшысын да ауырту әдісімен уақытынан бұрын жеңіп, жарыс жеңімпазы атанды.

«Кезекті алтын жүлдеме қол жеткізгенім үшін қуаныштымын. Педьесталда тұрып, еліміздің әнұраны шырқалғандағы мақтаныш сезімін сөзбен жеткізе алмаймын. Азия чемпионатының салтанатты ашылу рәсімінде еліміздің көк байрағын алып шықтым. Бұл мен үшін үлкен мәртебе. Нәтижеме көңілім толды. Тағы да дайындала түсіп, шеберлігімді шыңдайтын боламын. Жарқын жеңістерім әлі алда», – деді Галина Дуванова.

Азия чемпионатында сынға түскен Ислам Мамилов пен Нұржан Батырбеков 69 келіде қарсылас шақ келтірмеді. Финалдық кездесуде екі спортшымыз алтынды өзара сарапқа салды. Нәтижесінде Ислам Мамилов бірінші, Нұржан Батырбеков екінші орын алды.

Осылайша елордалық спортшылар ел құрамасының қоржынына екі алтын, бір күміс жүлдені салды.

Сымбат Төлегенова

Тулегенова Сымбат Тулегеновна родилась 9 марта 2000 года в городе Жезказган, Карагандинская область. Окончила Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева (2017-2021). Специальность - журналист.

Басқа жаңалықтар

Back to top button