БастыҚоғам

Шымкентке ұшып бара жатқан әйел ұшақта көз жұмды

QAZAQ AIR әуе компаниясының баспасөз қызметі Нұр-Сұлтан – Шымкент бағытындағы рейсте әйел жолаушының қайтыс болғанын растады.

«Ұшу кезінде салонның экипажы жолаушының науқас екені және шұғыл көмекке мұқтаж екені туралы ақпарат алды. Бортсерік жолаушы отырған орынға жақындағанда жолаушы ес-түссіз болған. Тексеру кезінде тамыр соғысы (пульс) мен тыныс алу белгілері болған жоқ. Ұшақтың командиріне мәлімет беріліп, жолаушылар көмекке шақырылды. Жолаушылар арасында болған дәрігер үндеуге құлақ асып, нұсқаулық бойынша бортсерікпен бірге жүрек-өкпе реанимациясын жүргізді», – деп баяндайды оқиға туралы компания.

Ақыры ұшақ командирі жақын маңдағы әуежайға қону туралы шешім қабылдайды.

«Экипаж әуе диспетчерлері арқылы жедел жәрдем шақырды. Жезқазған қаласының әуежайына келген дәрігерлер «өлім» туралы ресми хабарлады. QAZAQ AIR жолаушының отбасы мен жақындарына қайғысына ортақтасып көңіл айтады», – деп жазады QAZAQ AIR компаниясының баспасөз қызметі.

Сымбат Төлегенова

Тулегенова Сымбат Тулегеновна родилась 9 марта 2000 года в городе Жезказган, Карагандинская область. Окончила Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева (2017-2021). Специальность - журналист.

Басқа жаңалықтар

Back to top button