БастыДенсаулық

Нұр-Сұлтанда тұмауға қарсы вакциналау 15 қыркүйекте басталады

Елордада 15 қыркүйек пен 15 қазан аралығында қала тұрғындары тұмауға қарсы екпе ала алады. Елорда әкімдігінде өткен онлайн-брифинг барысында мамандар тұмауға қарсы екпені қалай алуға болатыны туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

«Біз 15 қыркүйектен бастап жыл сайын алдын-алу мақсатында жүргізілетін тұмауға қарсы вакцинацияны бастаймыз. Вакцинация 15 қазанға дейін жалғасады және ол бекітілген жердегі алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында жүзеге асырылады. Оны белгілі бір санаттағы адамдар тегін ала алады, қалған азаматтар өз емханалары мен жеке ұйымдарына жүгіну арқылы өз есебінен вакцинациялана алады», – деді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов.

Ведомство басшысы өз сөзінде вакцинация қазіргі уақытта қауіптің алдын-алу үшін ең жақсы құрал екенін еске салды.

«Вакцина аурудың асқынуын, тіпті өлім қаупін азайтады. ДДСҰ мәліметтері бойынша вакцина 18-64 жас аралығындағы сау ересектерде инфекцияның шамамен 60%-ын болдырмайды. Тұмауға қарсы вакцинаны алған соң тиімділігі шамамен 14 күннен соң білінеді», – деді Т. Мұратов.

Оның мәліметінше, қала тұрғындарын тұмауға қарсы вакцинациялау үшін елордаға 160 мың доза вакцина жеткізілген. Біз 3 600 мектеп оқушысын, 1 900-ге жуық жүкті әйелді, 2 500 медицина қызметкерін, созылмалы аурулары бар 13 000 ересекті тұмауға қарсы тегін егуді жоспарлап отырмыз.

Сымбат Төлегенова

Тулегенова Сымбат Тулегеновна родилась 9 марта 2000 года в городе Жезказган, Карагандинская область. Окончила Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева (2017-2021). Специальность - журналист.

Басқа жаңалықтар

Back to top button