БастыДенсаулық

Коронавирусқа байланысты ауруханаларда жаңа мамандық енгізілді

Ауруханадағы санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қадағалайтын бас дәрігердің инфекциялық бақылау жөніндегі орынбасары лауазымы жаңадан енгізіледі.

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының бастығы Камалжан Надыров Алматыдағы ауруханаларда жаңа маман пайда болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Сонымен, ауруханадағы санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қадағалайтын бас дәрігердің инфекциялық бақылау жөніндегі орынбасары лауазымы жаңадан енгізіледі.

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек ауруханаларында жұқпалы аурулар бойынша дәрігерлерге қосымша өкілеттіктер беріледі.

Дәрігерлердің қауіпсіздігі мәселесі әрдайым күнтәртібінде тұрады. Олар барлық жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген.

«Жалпы, емханадағы қызметкерлердің қауіпсіздігі аурухана эпидемиологының жұмыс сапасына байланысты. Өкінішке орай, бізде барлық клиникаларда аурухана эпидемиологы деген маман жоқ, және оның қауіпсіздік шараларын қабылдауға өкілеттігі де жоқ. Сондықтан жаңа лауазым енгізу туралы шешім қабылданды. Бұл мамандар ауруханадағы біздің әріптестеріміз бен науқастардың қауіпсіздігіне жауапты», – деді Надыров.

Сонымен қатар, инфекциялық бақылау бойынша тұрақты тренингтер өткізіледі.

«Бізде қытайлық әріптестеріміздің ұсыныстары бар. Онда барлық күш медициналық қызметкерлердің қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған, індеттің жаңа толқыны көрініс табуы ықтимал жағдайға дайындық жұмыстары жүргізілуде», – деді Надыров.

Басқа жаңалықтар

Back to top button