БастыДенсаулық

Елорда тұрғындарының 65%-дан астамы КВИ-ге қарсы екпе алды

Нұр-Сұлтанда коронавирустың бірінші компонентімен 452 мыңнан астам азамат екпе алды. Оқу жылының басынан бастап вакцинацияланғандардың қатарын оқушылардың ата-аналары жиі толықтыра бастады, деп Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан хабарлады.

«Вакцинация пункттерін аралау кезінде екпе алу үшін отбасы болып келетіндерді байқады: ата-аналары, бауырлары, әпкелері, үлкен кісілер. Мұны көріп біз таң қалдық, өйткені бұл азаматтардың өз денсаулығына, әсіресе балаларына деген алаңдаушылығы артуын білдіреді. Оқу жылы басталды, бұл процедураны кейінге қалдыруға болмайды. Себебі балалар арасында ауру пайда бола бастады, ауыр зардаптарға жол бермеу керек. Әрине, балаларды мектепке тек мұғалімдердің, оқытушылардың өздері екпе алған кезде ғана жіберуге болады. Бүгін Нұр-Сұлтан мектептерінде бүкіл ұжым вакцинацияланды», – дейді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова.

Ведомство сонымен қатар күздің басталуымен маусымдық жұқпалы аурулар саны артып келе жатқанын атап өтті. Сондықтан қазір өзіңізді қорғау және инфекцияға қарсы вакцинациялау өте маңызды.

«Көпшілік білетіндей, күзде ЖРВИ, тұмау ауруы басталады. Күзде біз балаларға алдын-алу үшін манту жасаймыз, азаматтарды тұмауға қарсы вакцинациялаймыз, қазан айында басқа да профилактикалық тексерулер жүргізіледі. Өзіңізді аурулардан қорғау үшін екпені уақытылы алу керек. Тәжірибе көрсеткендей, басқа жұқпалы аурулар мыңдаған адамның өмірін қиған КВИ сияқты қауіпті емес», – деп атап өтті басқармада.

Екпе арқылы ғана денсаулықты қорғауға, пандемияны жеңуге, ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button