БастыҚоғамСаясат

Жамбылдағы жарылыста көз жұмған әскери қызметкерлер «Айбын» орденімен марапатталды

Президент жарлығымен Жамбылдағы жарылыста Әскери және қызметтік борышын атқаруда ерлікпен қаза тапқан бірқатар әскери қызметшілер мен өрт сөндірушілер марапатталды, деп хабарлайды Ақорда. Президент жарлығының толық мәтіні төменде:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы

1. Әскери және қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін наградталсын:

І дәрежелі «Айбын» орденімен
Әлімбеков Саят

Жанатұлы

(марқұм)

   –  

Қорғаныс министрлігі № 28349 әскери бөлімі командирінің орынбасары (материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша) – материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы

 

Заикин Сергей

Владимирович

(марқұм)

 –  

Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 3 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы

 

Қырғызәлиев Ерлан

Рысқұлбекұлы

(марқұм)

 –  

Қорғаныс министрлігі № 28349 әскери бөлімі сақтау (инженерлік-оқ дәрілерді) бөлімшесінің бастығы – аға офицері;

 

ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен
Әділбек Әділет

Қанатбекұлы

(марқұм)

 –  

Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 4 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі-құтқарушысы

 

Кеңес Әліби

Бексұлтанұлы

(марқұм)

 –  

Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 4 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі-құтқарушысы

 

Қуатбек Ғафан

Жомартұлы

(марқұм)

 –  

Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің автомобиль жүргізуші-қызметкері

 

Тұрманов Жәнібек Жасұзақұлы

(марқұм)

 – Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің  өрт сөндірушісі-құтқарушысы.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті                                                                                 Қ.Тоқаев

Сымбат Төлегенова

Тулегенова Сымбат Тулегеновна родилась 9 марта 2000 года в городе Жезказган, Карагандинская область. Окончила Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева (2017-2021). Специальность - журналист.

Басқа жаңалықтар

Back to top button