БастыСпорт

Александр Недовесов жұптық сында Киев турнирінің жеңімпазы атанды

Қазақстандық Александр Недовесов жұптық сында Киев челленджер турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші бразилиялық Орландо Лужбен бірге финалда украиналықтар Денис Молчанов – Сергей Стаховскиймен күш сынасты. Қазақстандық-бразилиялық жұп 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Олар бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта 3 эйс жасап, 11 брейк-пойнттың үшеуін пайдалана білді. Қарсыластары 1 эйс, 1 брейкпен (9 брейк-пойнт) шектелді. Осылайша А.Недовесов жұптық сында өз спорттық жолындағы 22-інші, биылғы маусымдағы жетінші титулына қол жеткізді.

Сымбат Төлегенова

Тулегенова Сымбат Тулегеновна родилась 9 марта 2000 года в городе Жезказган, Карагандинская область. Окончила Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева (2017-2021). Специальность - журналист.

Басқа жаңалықтар

Back to top button