БастыСпорт

Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы алғашқы матчта Коста-Риканы тас-талқан етті

Литвада футзалдан әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан құрамасы топтық кезеңдегі бірінші матчта Коста-Рика құрамасымен кездесті.

Кака шәкірттері кездесу фавориті ретінде ойынды белсенді бастады. Бірнеше шабуылға қарсылас қақпашысы тосқауыл болды. Тек, оныншы минутта ғана Шыңғыс Есенаманов есеп ашты. Бір минуттан кейін Дәурен Тұрсағұлов екінші голды соқты. Коста-Рика айып соққысын сәтті орындап, есепті қысқартып кетті. Әйткенмен, жерлестеріміз ойын басымдығын қарсыласқа бермей, шабуылды үдете түсіп, Тайнан мен Дулгас соққан голдар арқасында бірінші таймды 4:1 есебімен аяқтады.

Екінші таймда Кака командасы тағы екі доп соқты. Біржан Оразов ауттан Тұрсағұловтың пасын голға ұластырса, Тайнан дубль авторы атанды.

Бұл топта турнир қожайыны Литва мен Венесуэла құрамалары бар. Қос команда бүгін өзара кездеседі.

Әлем чемпионаты. Топтық кезең

Қазақстан – Коста-Рика – 6:1(4:1)

Гол соққандар: Шыңғыс Есенаманов 10, Дәурен Нұрғожин 11, Дуглас 14, Тайнан 17, 28, Оразов 27 – Пабло Родригес 12

Сымбат Төлегенова

Тулегенова Сымбат Тулегеновна родилась 9 марта 2000 года в городе Жезказган, Карагандинская область. Окончила Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева (2017-2021). Специальность - журналист.

Басқа жаңалықтар

Back to top button