БастыҚоғам

Елордада енді жексенбі күндері де қоғамдық көлік жүретін болады

Нұр-Сұлтанда енді жексенбі күндері де қоғамдық көлік жүретін болады. Бұған дейін сенбі күндері автобустардың жұмысына рұқсат етілген болатын. Ал жексенбі жұмыс істемейтін. Осылайша, қоғамдық көлік енді аптаның барлық күні сағат 06.00-ден 23.00-ге дейін штаттық режимде жүретін болады.

Айта кетейік, дезинфекция жұмыстары тұрақты жалғасуда, автобустар күн сайын өңделіп тұрады. Қоғамдық көліктерде маска режимін сақтау керектігін еске саламыз. Автобусқа маскасыз кіруге тыйым салынады. Жол жүру төлемі тек қолма-қол ақшасыз: көлік картасымен немесе QR-кодты сканерлеумен жүзеге асырылады.

Сымбат Төлегенова

Тулегенова Сымбат Тулегеновна родилась 9 марта 2000 года в городе Жезказган, Карагандинская область. Окончила Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева (2017-2021). Специальность - журналист.

Басқа жаңалықтар

Back to top button