БастыҚоғам

Елордадағы азық-түлік дүкендерінде ұрлық жасаған студент қыздар ұсталды

Елорда университетінде оқитын 18 және 19 жастағы екі бойжеткен шағынмаркеттерде ұрлық жасап жүрді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тергеу барысында бойжеткендердің бірі сатушының назарын өзіне аударып тұрғанда, екіншісі ұрлық жасағаны анықталды. Бұл әрекеттерін кезектесіп жасап отырған. Дүкендерден ұрлаған тауарлар – азық-түлік, сусындар, гигиена құралдарын жолдорбаға салып шығарған. Осылайша, олар екі дүкеннен жалпы сомасы 50 мың теңгеге жуық ақшаға тауар шығарған.

Ұсталған бойжеткендер ұрлық жасағанын мойындады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілердің бұған дейін осыған ұқсас жасалған қылмыстарға қатысы анықталуда.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті сауда қызметкрелеріне қырағы болып, күмән келтіретін тұлғаларға назар аударуын, жұмыс орнын қараусыз қалдырмауын кеңес береді.

Сымбат Төлегенова

Тулегенова Сымбат Тулегеновна родилась 9 марта 2000 года в городе Жезказган, Карагандинская область. Окончила Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева (2017-2021). Специальность - журналист.

Басқа жаңалықтар

Back to top button