БастыЭкономика

Жыл қорытындысы бойынша: Қазақстан экономикасында өсім болмайды, тек құлдырау…

Экономикалық өсім бойынша барлық факторларды қосып есептегенде, тек минус белгісі болжанады.

Қазақстанның экономикалық өсімі 2020 жыдың қортындысы бойынша минус 0,9% құрайды. Пандемияның кесірінен ел экономикасының бәсеңсуі бес тармақты құрайды. Бұл туралы халықпен есеп беру кездесуінде ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

«Өткен жылы біз 2020 жылы экономикалық өсімі 4,1% деңгейінде болады деп болжағанбыз. Біздің жоспар осындай болған. Алайда 2020 жылдың сәуірінде әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне қатысты қайта нақтылау жүргізілді. Барлық факторларды ескере отырып, биылғы экономикалық өсім теріске шығады деп күтілуде. Бекітілген болжамдар бойынша, өсім минус 0,9% болады. Алғашқы болжаммен салыстыратын болсақ, айырмашылық 5 пайыздық тармаққа тең», – деді ол.

Министр қазір барлық елдердің экономикасы қиындықтарға тап болғанын, ал экономикалық қиындықтар жаһандық сипатқа ие екенін атап өтті. Сондықтан қазір барлық елдер экономиканы қолдау бойынша белсенді шараларды қабылдауда. Оның пікірінше, қазіргі жағдайдың өзгеруіне шұғыл ден қойып, оның алдын-алу шараларын қолдану маңызды.

«Дағдарысқа қарсы шаралар қабылданды, дағдарысқа қарсы жоспар құрылды, ол бойынша арнайы мемлекеттік комиссия жұмыс істеуде. Тығыз кері байланыс орнатылған. Иә, Кешенді жоспардың шараларын жүзеге асыру 2020 жылдың соңына дейін есептелген. Бірақ бұл бәрі 2020 жылдың аяғында нәтиже береді қояды дегенді білдірмейді, бұл барлық қадамдар жыл соңына дейін орындалуы керек дегенді аңғартады. Экономиканы қолдау бойынша нақты жұмыстар жүргізілуде», – деді министр.

Оның айтуынша, ЖІӨ болжамына барлық түзетулер енгізілген. Ал егер инфляция дәлізі бұрын 5-6% деңгейінде анықталса, мамырда жылдық инфляция 6,7% құрады.

«Сондықтан Ұлттық банк пен үкімет инфляцияны ұстап тұру үшін нақты шаралар қабылдауда. Жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсімін бақылайды. ЖІӨ өсімі түзетілді, ол 0,9% болады. Осылайша, ЖІӨ өсуінің көрсеткіштері айтарлықтай консервативті болып табылады. Қазіргі уақытта ЖІӨ көлемін қайта қарау қарастырылмаған», – деп сөзін толықтырды Дәленов.

Есепке сәйкес, 2020 жылдың қаңтарында 160 ел экономикалық өсім болатынын хабарлады, ал үш айдан кейін 170 ел құлдырау болатынын қайта хабарлады. Халықаралық сарапшылардың ортақ пікірге сүйенеді: қазіргі жаһандық дағдарыс ештеңеге ұқсамайды: тұтынушылар да, тауар өндірушілер де тұсаулы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button