БастыҚоғам

COVID-19 инфекциясын жұқтырған әйелдерден туған сәбилер ауруханадан шықты

COVID-19 инфекциясын жұқтырған әйелдерден туған екі сәби елордалық ауруханадан шығарылды. Екі әйел де жүктілік кезінде коронавирус инфекциясын жұқтырып, Нұр-Сұлтан қаласындағы №3 көпбейінді қалалық аурухананың акушерлік блогына түскен.

Бірінші бала жүктіліктің 25-аптасында 23 маусымда дүниеге келді. Оның туған кездегі салмағы – 655 гр.

«Нәресте бізде екі айдан астам уақыт болды, алдымен балалар реанимациясында, содан кейін шала туған нәрестелерді күту бөлімінде жатты. Шақалақ реанимация бөлімінде бір айға жуық уақыт болды. Салмағы 2 кг 24 гр. Бала сау, бірақ офтальмологтың бақылауы қажет», – деді жаңа туған нәрестелерді күту бөлімінің меңгерушісі Венера Хасанова.

Сәбиге шала туған нәрестелерді күту бөлімінде жатқан кезде ретинопатия диагнозы қойылған. Дәрігерлер бұған дер кезінде назар аударып, балаға ана мен бала орталығында сәтті ота жасалды.

Екінші қыз – Аделина Слушная, ол кеше шығарылды. Оның анасы да COVID-19 вирусымен №3 МГБ-ға ауруханасына түсіп, ұзақ уақыт бойы реанимацияда жатты.

«Әйел 27-аптада мерзімінен бұрын 7 шілде күні босанды. 864 гр – бұл баланың өмірге келген кездегі салмағы. Шығару кезіндегі салмағы 2 кг 14 г құрады. Бүгін сәби 2 айға толады. Қыздың анасы ұзақ уақыт бойы жансақтау бөлімінде өкпені жасанды желдету аппаратында жатты. Үйіне шығарылған соң да аппаратқа қосылды. Бүгін әкесі баланы көру үшін үлкен қызымен бірге келді. Анасының қалпына келу кезеңі ұзақ уақыт алады», – дейді дәрігерлер.

«Әрине, бәріміз уайымдадық, бірақ дәрігерлердің арқасында бәрі жақсы болды. Шынан айтсам, мұндай қарым-қатынасты күткен жоқпын. Дәрігерлер бізге үздіксіз келіп, жағдайымызды біліп, тексеріп тұрды. Жұмыстарына берілген мамандар екен, алғысыз шексіз», – деді аналардың бірі Нұргүл Сәрсенбаева.

Екінші баланың анасы Гүлчачак Слушная да дәрігерлерге дән риза. Ол алдымен жұқпалы аурулар ауруханасына ентігу мен дене қызуы көтеріліп түскен. ПТР тестінің нәтижесі оң болып, ал КТ-да өкпе зақымдануының 25-30% анықталды. Содан кейін әйел №3 МГБ-ға жатқызылды. Келесі күні оның жағдайы нашарлап, реанимацияға жатқызып, оттегі маскасын кигізген.

«Маска астында дем алу өте қиын. Бұл ауру жоқ, ойдан шығарылған деп санайтындар бар. Бірақ ол бар, басымнан өткен соң жақсы білемін. Көпсалалы қалалық аурухананың дәрігерлеріне рахмет. Операциядан кейін бірден мені ішпен жатуға мәжбүр етті, өйткені өкпемнің зақымдалғанына байланысты арқамен жатуға болмайды. Ал босанғаннан кейін өкпемнің зақымдану пайызы тіптен артты – 50% болды. Бірақ дәрігерлердің сауатты іс-әрекетінің арқасында аман қалдым, қызым тірі, біз саумыз. Балам екеуміздің өмірімізге қауіп төнген кез болды. Бірақ екеуміз де тіріміз. Дәрігерлердің бізге жасаған жақсылықтарын ойласам, көзіме жас келеді!» – деді Гүлчачак Слушная.

Бұл – 46 жастағы әйелдің отбасындағы үшінші бала. Оның айтуынша, тағы бір қызы болғанын армандаған екен. Ал үлкен балалары 18 және 14 жаста.

Сымбат Төлегенова

Тулегенова Сымбат Тулегеновна родилась 9 марта 2000 года в городе Жезказган, Карагандинская область. Окончила Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева (2017-2021). Специальность - журналист.

Басқа жаңалықтар

Back to top button