БастыҚоғам

Жүргізуші куәлігінен айырылған қызылордалық мас күйде көлік жүргізген

Жүргізуші куәлігінен айырылған қызылордалық тағы да көлік тізгінінде ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол-көлік оқиғасын азайту және жол қозғалысы ережелері мен заңбұзушылықтарды анықтау мақсатында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері күн сайын рейдтік және профилактикалық іс-шаралар өткізеді.

Кезекті рейд кезінде қала көшелерін аралау уақытында полиция қызметкерлері “Daewoo Nexia” маркалы автокөлікті тоқтатты. Жүргізуші жол ережелерін бұзып, Ергешбаев көшесінің бойында жылдамдықты асырып, жол қозғалысы қатысушыларының өміріне қауіп төндірген.

Полиция автокөлікті тоқтату барысында, жүргізуші көлікті мас күйінде жүргізгені және ол 22 жастағы азаматтың бұрын жүргізуші куәлігінен айырылғандығы анықталды.

Оны ұстаған полицейлер, наркологиялық сараптамадан өтуге жіберіп, оның нәтижелері бойынша мас күйде болғаны анықталды.

Тәртіп бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы Кодексінің 612-бабының 3-бөлігіне сәйкес іс қозғады. (Көлiк құралын басқару құқығынан айрылған жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы – елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады).

Сымбат Төлегенова

Тулегенова Сымбат Тулегеновна родилась 9 марта 2000 года в городе Жезказган, Карагандинская область. Окончила Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева (2017-2021). Специальность - журналист.

Басқа жаңалықтар

Back to top button