БастыҚоғам

Қазақстаннан Ресейге ұшатын әуе рейстерінің саны артады – ҚР ИИДМ

2021 жылғы 31 тамызда Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – Ведомствоаралық комиссия) кезекті отырысында Қазақстан мен Ресей арасындағы рейстер санын ұлғайту мәселесі қаралды. Бұл туралы ҚР ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.

Нәтижесінде 2021 жылдың 22 қыркүйегінен бастап «Qazaq Air» әуе компаниясы аптасына 1 рейспен Ақтөбе–Қазан бағытында ұшуды бастайтын болды.

Ресеймен арадағы рейстер санының одан әрі ұлғаюы эпидемиологиялық жағдайға, Ведомствоаралық комиссия шешімдеріне және Ресей Федерациясының тиісті мемлекеттік органдарының шешімдеріне байланысты болады.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

Сымбат Төлегенова

Тулегенова Сымбат Тулегеновна родилась 9 марта 2000 года в городе Жезказган, Карагандинская область. Окончила Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева (2017-2021). Специальность - журналист.

Басқа жаңалықтар

Back to top button