БастыМәдениет

Елордада күйші Тұяқберді Шәмеловтың 70 жылдығына арналған еске алу кеші өтті

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Астана» концерт залында көрнекті күйші, композитор, Халық әртісі, «Құрмет» орденінің иегері Тұяқберді Шәмеловтың 70 жылдығына арналған «Сыр тұнған сырбаз жүрегің» атты еске алу кеші өтті. Оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижеры – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, профессор Айтқали Жайымов.

Кештің мақсаты  орындаушылық репертуарында Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина, Абыл, Сейтек, Мәмен, т.б сынды  қазақ халық композиторларының күйлері кеңінен орын алған өнер иесінің шығармашылығын қалың жұртшылыққа таныстыру. Ол жеке орындаушы ретінде Франция, Италия, Корея, Ауғанстан, Португалия, Пәкістан, Қытай, Германия  сынды шет елдерде болып, қазақ халқының музыка өнерін әлем жұртшылығына таныстыра білді.

ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі – Нұрғиса Дәуешов кештің алғы сөзін сөйлеп, дәулескер күйші жайында естеліктерімен бөлісті. Тұяқберді Қажыгерейұлының еске алу кешінде елге кеңінен тараған әндері мен күйлерін Халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары Әкімхан Мәженов, Естай Айтқұлов, Диана Май, Роза Исаева, Мұратбек Хайролда, Сәкен Бекжанов, Айдын Жұмабай, Алтынбек Әбілда, Әйгерім Нартүйе, Нұрбол Балапанов, Ботагөз Тәшімова, Талғат Аллабиринов, Анар Мұздаханова,  Алтынбек Арыстанбек, Жексембек Нұржауов,  Бибігүл Тыныштық сынды өнер иелері орындады.

Сымбат Төлегенова

Тулегенова Сымбат Тулегеновна родилась 9 марта 2000 года в городе Жезказган, Карагандинская область. Окончила Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева (2017-2021). Специальность - журналист.

Басқа жаңалықтар

Back to top button