Президент паралимпиадашыларды марапаттады

Президент қаулысымен Токио-2020 ХVI Жазғы Паралимпиада ойындарында жүлдеге ие болған қазақстандық спортшылар марапатталды. Бұл туралы Ақорда жазды.

«ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1.Токио-2020 ХVI Жазғы Паралимпиада ойындарындағы аса үздік спорттық жетістіктері үшін наградталсын:

ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен

Дегтярев Давид Мамиевич – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиадалық комитеті» ҚБ нұсқаушы-спортшыcы;

«Парасат» орденімен

Байбатина Зарина Боранбайқызы – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиадалық комитеті» ҚБ нұсқаушы-спортшыcы

Дәулет Теміржан Серікұлы – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиадалық комитеті» ҚБ нұсқаушы-спортшыcы

Сариев Ануар Берікұлы – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиадалық комитеті» ҚБ нұсқаушы-спортшыcы;

«Құрмет» орденімен

Жұмағали Нұрдәулет  Мақсұтұлы – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиадалық комитеті» ҚБ нұсқаушы-спортшыcы.

2.Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі»,-деп жазылған Мемлекет басшысының № 652 Қаулысында.