БастыӘлем

АҚШ-та Ида дауылының салдарынан 68 адам көз жұмды

АҚШ-та Ида дауылы құрбандарының саны артты. Соңғы мәлімет бойынша табиғат апатынан 68 адам көз жұмған. Бұл туралы 24kz хабарлады.

Айта кеткен жөн, жақында елдің шығысында Ида дауылы ойран салған еді. Күшті желмен қоса нөсер жауып, біраз аймақты су басты. Табиғат апатынан әсіресе Луизиана, Нью-Джерси және Нью-Йорк штаттары қатты зардап шекті. Луизианадағы Жаңа Орлеан қаласының бүкіл тұрғыны жарықсыз қалса, Нью-Йорк қаласында жауын-шашынның метеобақылау тарихындағы рекордтық мөлшері түскен. Сол үшін шаһарда төтенше жағдай тәртібі енгізілген.

Ал синоптиктер Солтүстік Америкаға Ларри дауылы таяп қалғанын айтады. Болжам бойынша, Ларридің күші Ида дауылынан да асып түсуі мүмкін.

Сымбат Төлегенова

Тулегенова Сымбат Тулегеновна родилась 9 марта 2000 года в городе Жезказган, Карагандинская область. Окончила Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева (2017-2021). Специальность - журналист.

Басқа жаңалықтар

Back to top button