Ақтөбе облысында көлік аударылып, жолаушы көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
4 қыркүйек күні Темір ауданы Ақсай кентінің маңындағы “Opel Zafira” автокөлігінің 32 шақырымындағы, “Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық” автожолының 25 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, көлік құралының қозғалысы барысында оң жаққа аударылып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 24 жастағы жолаушы қыз ауыр жарақат алып, аудандық ауруханаға жатқызылып, келесі күні таңертең ауруханада көз жұмды. ЖКО фактісі бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі “ЖҚЕ бұзу” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.