Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК қыркүйектің 7-9-ы күндерінің ауа райы болжамын жариялады.

«Республиканың көп бөлігінде фронталды бөліктің әсерінен жаңбыр жауады, солтүстікте нөсер жауын жауады. Тек оңтүстік өңірлерде ауа райы жауын-шашынсыз болмақ. 8-9 қыркүйекте түнде Қостанай, 9 қыркүйекте Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында 2 градус қатқақ болуы ықтимал. Республиканың батысында, солтүстік-батысында түнде ауа температурасы 5…10, күндіз 14…22 градус жылы, солтүстікте және орталықта ауа температурасы түнде 2–7, күндіз 13-23 градус жылы, шығыста түнде 7–12 градус, күндіз 20…25 градус жылы болмақ. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында түнде ауа температурасы 10…15, күндіз 22–27 градусқа дейін жылы болады деп болжануда», – делінген синоптиктердің хабарламасында.