БастыҚоғам

Елордада өткен үш тәулікте 16 мекеме карантин режимін бұзды

Елорданың мониторингтік топтары бірнеше айдан бері күшейтілген режимде жұмыс істеп келеді. Олар күн сайын қаладағы 100-ден астам кәсіпкерлік нысанда карантин шараларының сақталғанын тексереді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Өткен демалыс күндері мониторингтік топтар Нұр-Сұлтандағы 16 мекемені әкімшілік жауапкершілікке тартты.

5 қыркүйекте Алматы және Байқоңыр ауданында орналасқан екі мекемеде саннорм бұзылғаны анықталды.

Сенбі күні елордалық 8 мекеме бас санитарлық дәрігердің қаулысында көрсетілген талаптарды сақтаған жоқ. Ал ертеңінде 6 мекемеде карантин режимінің бұзылғаны анықталды. Сонымен қатар, тексеру кезінде «Horeca» мейрамханасында 60-қа жуық адам болған, бұл карантин жағдайында рұқсат етілмейді. Себебі мұндай жағдайда әлеуметтік қашықтық сақталмайды.

Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар әкімшілік шаралар қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті органға берілді.

Айта кету керек, COVID-19 індетінің төмендегеніне қарамастан елорда эпидемиологиялық жағдайды бағалау бойынша «қызыл» аймақтан шыққан жоқ. Сондықтан қала тұрғындары мен қонақтары санитарлық нормаларды қатаң сақтауы керек: маска режимі, әлеуметтік қашықтық, қол гигиенасы. Қала тұрғындары өзінің де, өзгелердің де денсаулығын сақтау үшін коронавирусқа қарсы вакцинациядан өтуі қажет. Себебі иммундау қауіпті вируспен күресудің жалғыз тиімді әдісі болып саналады.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button