БастыДенсаулық

Елордада коронавирустың таралу деңгейі бір айда 21%-ға төмендеді

Нұр-Сұлтанда CОVІD-19 індетінің жаңа жағдайларын тіркеу саны азаюда. Бұл туралы онлайн-брифингте елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары Жанна Пірәлиева мәлімдеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Спикердің айтуынша, елордада CОVІD-19 оқиғаларының тіркелуі жалғасуда. Соңғы 10 күнде тәулігіне жұқтырғандар саны 650-ден аспайды, ал соңғы аптада орташа тәуліктік тіркеу 470-ті құрады.

«Нәтижесінде тамыз айында ауру деңгейі шілдемен салыстырғанда 21%-ға төмендеді. Аптасына сырқаттанушылықтың төмендеу қарқыны 25-тен 31%-ға дейін сақталады. Ал соңғы аптада сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда өткен аптамен салыстырғанда 31%-ға төмен болды. Бір апта ішінде 3355 адам COVID-19 жұқтырды (алдыңғы аптада – 4920 адам), 100 мың тұрғынға шаққандағы қарқынды көрсеткіш – 258,2. Репродуктивті нөмір – 0,765», – деді Жанна Пірәлиева.

Оның айтуынша, сырқаттанушылық деңгейінің төмендеу үрдісіне қарамастан қала эпидемиологиялық ахуалды бағалау көрсеткіші бойынша «қызыл аймақтан» шыққан жоқ. Сырқаттанушылықтың жалпы көрсеткішінде клиникалық белгілері бар науқастардың жоғары үлес салмағы 78-79%-да сақталуда.

Сондықтан КВИ ауруының деңгейін одан әрі төмендету үшін азаматтар санитарлық нормаларды қатаң сақтауы керек, маска режимін, әлеуметтік қашықтықты және қол гигиенасын сақтауы керек.

Бүгінгі таңда коронавирустық пандемиямен күресудің жалғыз тиімді әдісі – вакцинация ғана. Тек иммундау арқылы ғана өз денсаулығыңызды және өзгелердің денсаулығын қорғауға болады.

Сымбат Төлегенова

Тулегенова Сымбат Тулегеновна родилась 9 марта 2000 года в городе Жезказган, Карагандинская область. Окончила Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева (2017-2021). Специальность - журналист.

Басқа жаңалықтар

Back to top button