БастыҚоғам

Ұжымдық ізгі іс: Аягөз гарнизонының сарбаздары ұжымдағы көпбалалы әріптестеріне көмек қолын созды

Осы жылдың тамыз айы соңында «Мектепке жол» акциясы аясында Аягөз қаласындағы танк әскери бөлімінің ұжымы ұйымшылдығымен өздерін тәнті етіп, ұжымдағы көпбалалы әріптестеріне көмек қолын созды, деп хабарлайды Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі.

«Республикалық деңгейде 1 тамызбен 30-шы қыркүйек аралығында ұйымдастырылатын қайырымдылық шарасы аясында биылғы жылы танк әскери бөлімінің ұжымы жаңа оқу жылы алдында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету мақсатында көп балалы қарулас әріптестеріне бір кісідей мектепке қажетті заттармен сыйлық жасап, көмек көрсетті.

Әр жылы арнайы коммерциялық демеушілердің қатысуымен жасалынатын ізгі істің биылғы көрініс ұжым тарапынан жасалғаны сыйлық алған оқушылардың ата-аналары көңіліне қуаныш ұялатты. Арнайы ұйымдастырылған шағын шарада он бір көп балалы отбасына мектеп сөмкелерімен, сабаққа қажетті кеңсе заттары және спорт киімдері тарту етілді», – делінген хабарламада.

Әріптестер әзірлеген мектепке қажетті сыйлықтарын алуға келген балалар мен ата-аналар қуанышында шек жоқ, игі іске ұйыған келушілер ұжымға өз алғыстарын білдіріп, дән риза екендігін жеткізді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button