БастыҚоғам

Елорданың медицина қызметкерлеріне қала әкімінің алғыс хаты табысталды

Конституция күніне орай елордалық медицина қызметкерлеріне қала әкімі Алтай Көлгіновтің алғыс хаты табысталды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшылығы ковидтік стационарға барып, орталықтың барлық қызметкерлерін қала әкімшілігінің атынан мерекемен құттықтады.

Сондай-ақ, құттықтауға Мәжіліс депутаты Азат Перуашев, «Ақ жол»партиясының өкілдері де қосылды. Олар COVID-19-ға қарсы күресте алдыңғы қатарда тұрған медицина қызметкерлеріне «Жанқиярлық күрес үшін» төсбелгілерін табыстады.

«Республикамыздың Тәуелсіздігінің 30 жылдығында сіздерді Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Қала әкімі сіздердің инфекциямен күрестегі жұмыстарыңызды және науқастардың денсаулығы үшін жасап жатқан еңбектеріңізді жоғары бағалайды. Пациенттердің көпшілігі отбасыларына аман-есен оралды. Олардың өмірін сақтап қалған – сіздер, ақ халаттық жандарсыздар. Бұл – сіздердің еңбектеріңіз», – деп атап өтті қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әлия Рүстемова.

Ол дәрігерлерге салтанатты түрде Алтай Көлгіновтің атынан алғыс хаттар табыстап, барлық қызметкерлерге денсаулық, бақыт, табыс және еңбектерінің жемісін көруді тіледі.
Еске сала кетейік, бүгінде елордада коронавируспен күреске 7 мың медицина қызметкері тартылған. Жалпы, пандемия кезеңінде бұл жұқпалы аурулар ауруханасы 5 мыңнан астам науқасты емдеп шығарды.

Сымбат Төлегенова

Тулегенова Сымбат Тулегеновна родилась 9 марта 2000 года в городе Жезказган, Карагандинская область. Окончила Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева (2017-2021). Специальность - журналист.

Басқа жаңалықтар

Back to top button