БастыМәдениет

Елордада осы аптада қандай мәдени іс-шаралар өтеді

Елорданың мәдениет мекемелері апта сайын түрлі іс-шаралар, соның ішінде ғылыми-танымдық дәрістер, бейнеэкскурсиялар, балалар мен ересектерге арналған қойылымдар өткізеді. Осы аптада қала тұрғындары барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, тақырыптық кештерге, концерттерге онлайн және офлайн режимде де бара алады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

«Наз» мемлекеттік би театры 3 қыркүйек күні сағат 12:00 – де қонақтарды Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Тілім менің – қасиеттім, ардағым» атты іс-шараға шақырады.

3-5 қыркүйек аралығында елордалық қуыршақ театрында Борис Заходердің «Как зайчонок зайцем стал» ертегісі көрсетіледі.

Ертең, 1 қыркүйек күні қаланың орталықтандырылған кітапхана жүйесі білім күніне арналған тақырыптық іс-шаралар өткізеді.

№ 5 балалар кітапханасы оқу жылының басталуымен құттықтап, іс-шара ұйымдастырады. № 2 бұқаралық кітапханасында «Бүгінгі білім- ертеңгі болашағымыз» атты ақпарат сағаттары өткізіледі.
Сол күні №7 бұқаралық кітапхана шеруге «Білімді ұрпақ ел болашағы» кітап шеруіне шақырады. Көрме балаларды мектеп бағдарламасына көмектесу үшін жаңа әдебиеттермен таныстырады.№ 12 бұқаралық кітапханасы әлеуметтік желілерде «Семейные общения вокруг чтения» виртуалды кітап көрмесін көрсетеді.

2 қыркүйек күні сағат 14: 00 -де №4 бұқаралық кітапханасы «Терроризм, экстремизм – адамзатқа қарсы қылмыстар» әңгімелесу сағатына шақырады.

Сол күні сағат 15:00-де №9 бұқаралық кітапханада «Тілге құрмет – елге құрмет» тілдесу сағаты, Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған мамандандырылған кітапханада «Тілді сүю – тал бесіктен» ақпарат сағаты, №4 балалар кітапханасында «Мы – одна страна, мы – одна семья» дәстүрлер калейдоскопы, №3 балалар кітапханасында «Жазда кітаппен бірге!» каникул кезінде оқыған кітаптарға қортынды жасалады.

4 қыркүйекте № 10 бұқаралық кітапханасы «Тіл ұлттық белгі, халықтық мұра» зияткерлік ойынына, ал №15 бұқаралық кітапхана «Өмірдің асқар биігінде» көрме – диалогына шақырады.

«Атамекен» Қазақстан картасы » этно-мемориалдық кешені өзінің Instagram (@atamekenmap) және Facebook (atamekenmap.kz) парақшаларында күн сайын танымдық және қызықты ақпараттар жариялайды. Бүгін, 31 тамызда кешен қызметкерлері арасында жазушы, тілтанушы, саясаттанушы Олжас Сүлейменовтің 85 жылдығына арналған «Ақын және азамат» тақырыбында онлайн-дәріс өткізіледі.

4 қыркүйекте «Абай-Пушкин» ескерткіші туралы тақырыптық экскурсия, ал бір күннен кейін – Қазақстан халқының тілдер күнімен құттықтау ашық хаты жарияланады.

Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды – мұражай кешені бүгін «Тәуелсіздік тірегі-Ата Заң» тақырыбында дәріс өткізеді. 1 қыркүйек күні сағат 12: 00-де Ақмол ауылының №5 орта мектебінің 6 сынып оқушыларына «Знакомство с музеем» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырылады. Күндіз әлеуметтік желілерде (Facebook: «Нұр-Сұлтан қаласының Бірлескен мұражайлар дирекциясы» МКҚК, Instagram: museumalzhir, YouTube: Museum ALZHIR Nur-Sultan) «Памяти азербайджанских узниц «АЛЖИРа» көрмесін көруге болады.

3 қыркүйекте келушілерге «Памяти белорусских узниц «АЛЖИРа» дәрісі ұсынылады. 5 қыркүйекте мұражай «Мемлекеттік тіл-менің тілім» онлайн – көрмесін ұйымдастырады.

31 Тамызда Сәкен Сейфуллин мұражайы бейнеэкскурсия өткізеді, онда мұражай қорындағы құнды жәдігерлерді көруге және көрнекті қазақ жазушысы мен қоғам қайраткерінің өмірімен жақынырақ танысуға болады. 1 қыркүйекте Seifullin_museum(Instagram) және Сәкен Сейфуллин мұражайының (Facebook) «Музей тарихынан» айдарында «С.Сейфуллиннің жанашыры – Софья Сейфуллин» атты жаңа материал шығады.

Бір күннен кейін келушілер мұражайдағы бейне-экскурсияға қайта бара алады. 3 қыркүйек күні Білім күніне арналған «С.Сейфуллин ашқан мектептер» дәрісінде Сәкен Сейфуллин ашқан мектептер туралы білуге болады.

Тарихи-мәдени мұра ескерткіштері мен объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі орталық өзінің ресми парақшаларында (Facebook: MonumentsOfNursultan, Instagram: monuments_of_nursultan, YouTube: Monuments of Nur-Sultan city) 2 қыркүйекте «1 қыркүйек – Білім күні» онлайн – сабағын ұйымдастырады.

Айта кетейік, іс-шаралардың бәрі барлық санитарлық нормалар мен бас санитарлық дәрігердің қаулысының талаптарын сақтай отырып ұйымдастырылады.

Сымбат Төлегенова

Тулегенова Сымбат Тулегеновна родилась 9 марта 2000 года в городе Жезказган, Карагандинская область. Окончила Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева (2017-2021). Специальность - журналист.

Басқа жаңалықтар

Back to top button