БастыСпорт

Елордалық үш боксшы Азия чемпионы атанды

Тамыз айының 24-30 аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында бокстан жастар арасында Азия чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде ел намысын қорғаған елордалық спортшылар топ жарып, чемпионаттың алтын жүлдесін жеңіп алды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Сонымен 48 келіге дейінгі салмақта Санжар Ташкенбай финалда үндістандық қарсыласы Вишнават Сурешті 5:0 есебімен айқын басымдықпен жеңсе, Бақберген Алиасқаров 75 келі салмақта Иран спортшысы Фардин Халифелуды 4:1 есебімен жеңді. Ал 86 келіде Темірлан Мұқатаев Өзбекстан өкілі Диербек Ураловты 5:0 есебімен жеңіп , жарыс жеңімпазы атанды.

Жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы 8 алтын, 2 күміс және 2 қола жүлде иеленіп, бірінші орынды иеленді.

Екінші орынға 3 алтын, 3 күміс, 1 қола жүлдемен Өзбекстан құрамасы тұрақтаса, үздік үштікті 2 алтын, 3 күміс, 4 қола жүлдемен Үндістанның былғары қолғап шеберлері қорытындылады.

Сымбат Төлегенова

Тулегенова Сымбат Тулегеновна родилась 9 марта 2000 года в городе Жезказган, Карагандинская область. Окончила Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева (2017-2021). Специальность - журналист.

Басқа жаңалықтар

Back to top button