БастыҚоғам

Нұр-Сұлтан орталығындағы көше жартылай жабылды

Нұр-Сұлтанда сол жағалаудың орталығындағы Ақмешіт көшесі жартылай жабылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Жол желісін орташа жөндеу аясында Ақмешіт көшесінде Достық көшесінен Қонаев көшесіне дейінгі учаскеде құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты, 7-15 маусым аралығында көлік қозғалысын ішінара тоқтату жоспарланған», – делінген әкімдік сайтында.

«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін маршрутын алдын-ала жоспарлауы керек. Қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз», – делінген хабарламада.

Басқа жаңалықтар

Back to top button