Халықаралық допты хоккей федерациясы осы күзде Иркутскіде өтетін әлем чемпионатының кейінге шегерілгенін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұған дейін Норвегия, Финляндия және Швеция құрамалары коронавирусқа байланысты турнирге қатысудан бас тартқан болатын.
Әлем чемпионатының өтетін жаңа мерзімі – 2022 жылдың қазан айы. Ойындар Иркутскіде «Байкал» аренасында өтеді.