Елордада «Ата заң аясында» атты концерт өтті

«Конституция күні» мерекесіне орай  кеше елорда төрінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясы Қазақ оркестрінің «Ата заң аясында» атты концерті өтті. Оркестрдің көркемдік жетекшісі және Бас дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, профессор  Айтқали Жайымов.

Келер ұрпаққа құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында концертте Қазақ оркестрі және «Шалқыма» халық би ансамблі, Халықаралық конкурстардың лауреаттары – Алтынбек Әбілда,  Арман Жайым, Сәкен Бекжанов, Бауыржан Нұрмұхамедов, Әйгерім Аманжолова, Республикалық конкурстардың лауреаттары Әйгерім Нартүйе, Перизат Тұрарова, Талғат Аллаберинов өнер көрсетіп, тыңдарманның ыстық ықыласына бөленді.