БастыМәдениет

Елордада «Ата заң аясында» атты концерт өтті

«Конституция күні» мерекесіне орай  кеше елорда төрінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясы Қазақ оркестрінің «Ата заң аясында» атты концерті өтті. Оркестрдің көркемдік жетекшісі және Бас дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, профессор  Айтқали Жайымов.

Келер ұрпаққа құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында концертте Қазақ оркестрі және «Шалқыма» халық би ансамблі, Халықаралық конкурстардың лауреаттарыАлтынбек Әбілда,  Арман Жайым, Сәкен Бекжанов, Бауыржан НұрмұхамедовӘйгерім Аманжолова, Республикалық конкурстардың лауреаттары Әйгерім Нартүйе, Перизат Тұрарова, Талғат Аллаберинов өнер көрсетіп, тыңдарманның ыстық ықыласына бөленді.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button