БастыСпорт

Үшінші жүлде: Теміржан Дәулет Токио Паралимпиадасының күміс жүлдегері атанды

Қазақстандық пара дзюдошы Теміржан Дәулет Токио Паралимпиада ойындарында күміс медаль иеленді, деп хабарлайды Prosports.kz.

73 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Дәулет финалда өзбекстандық Феруз Саидовпен кездескен. Саидов иппон ұпайымен жеңді.

Айта кетейік, бүгін Паралимпиадада қазақстандық Рауша Қойшыбаева пауерлифтингтен медальға таласады.

Ал әзірше Қазақстан қоржынында үш медаль бар. Дәулеттің күміс жүлдесінен бөлек, бұған дейін Давид Дегтярев (пауэрлифтинг) алтын, Әнуар Сариев (дзюдо) күміс медаль алған еді.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button