БастыСпорт

«Қайраттың» аты аңызға айналған ойыншысы Фанас Салимов өмірден озды

Алматылық «Қайраттың» аты аңызға айналған футболшыларының бірі Фанас Салимов 58 жасында қайтыс болды, деп жазады Prosports.kz.

Шымкенттік футболшы алматылық клуб мансабындағы ең жарқын кезеңді өткізді. 1982-1991 жылдар аралығында «Қайрат» сапында 295 кездесуге қатысып, 12 гол соқты. КСРО жастар және жасөспірімдер құрамасына шақырылды.

Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Фанас Салимов Украина чемпионатында бірнеше жыл доп тепті. Онда «Нива» (Тернополь), «Эвис» (Николаев), «Кривбасс» (Кривой Рог) және СК «Николаев» командаларының жейдесін киді. Мансабының соңғы жылдарын Қазақстанда өткізді.

Мансабын аяқтағаннан кейін ол төреші, жаттықтырушы және ардагерлер футболы қозғалысының ұйымдастырушысы ретінде қызмет атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button