Басты

Ресейден Қазақстанға әуе рейстері ашылуы мүмкін

Росавиация 15 шілдеден бастап халықаралық әуе рейстерін ішінара ашу туралы ұсынысын Ресей тұтынушылардың құқығын қорғау қызметіне жолдайды, – деп хабарлайды РБК.

Алғашқы кезеңде Ресей 15 елге – ЕАЭО және ТМД мемлекеттеріне рейстерді ашады.

Дереккөздің мәліметінше, Росавиация Еуропа елдеріне, оның ішінде Түркияға, сондай-ақ Оңтүстік Корея мен Қытайға шекараны ашуды ұсынады. Сонымен қатар, барлық идея коронавируспен күрес жөніндегі жедел штабта талқыланады, ал соңғы шешімді Ресей тұтынушылардың құқығын қорғау қызметі шығарады. Айта кетейік, Ресейден ұшатын рейстер қонатын елдердің келісіміне де байланысты болмақ.

Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны күрт көбейгеннен кейін 27 наурыздан бастап халықаралық әуе рейстері жабылған болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button