БастыҚоғам

Қорғаныс министрлігі: Өрттің шығу себебі әлі анықталған жоқ

Өрттің шығу себебі әлі анықталған жоқ. Қорғаныс министрлігі инженерлік оқ-дәрілер қоймасында орын алған оқиғаға қатысты түсіндірме жасады.

Түсіндірмеге сәйкес, өрт тез арада инженерлік оқ-дәрілер сақталатын қоймаларға таралған.

”Инженерлік оқ-дәрілер – бұл табиғи (жартастар, таулар), сол сияқты салынған (ғимараттар, құрылыстар) әртүрлі объектілерді бұзуға арналған құрылғылар. Оларды жаудың техникасы мен адам күшін жою үшін де қолдануға болады. Бұлар – зарядтар, фугастар жеке құрамға қарсы және танкке қарсы миналар, тротил және басқа да жарылғыш заттар. Өртті оқшаулау мүмкін болмай ол басқа қоймаларға таралды.

Өрт салдарынан инженерлік оқ-дәрілердің бірнеше жарылысы орын алды. Оқиға куәгерлерінің жазған видеоларында аспандағы қою түтін іздері қоймада сақталған сигналдық патрондардың жануынан орын алуы ықтимал. Инженерлік оқ-дәрілер қоймасының артиллериялық және реактивті оқ-дәрілер қоймасынан айырмашылығы онда снарядтар сақталмайды. Өрт пен жарылыс кезінде олар қатты соққы толқынын, ауқымды жалын мен дыбыстық дүмпулер тудырады.

Алайда сонымен бірге оқ-дәрілердің ірі бөлшектері, фрагменттері мен қалдықтары жан-жаққа ұшқан жоқ”, делінген хабарламада.

Қарлығаш Құрамысова

Құрамысова Қарлығаш Әмірғалиқызы 1998 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2015-2018 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның "Журналистика және саясаттану" факультетін тәмамдаған. Мамандығы - журналист. 2018 жылы "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде тілші, 2019 жылы "Kazislam" ақпараттық порталында SMM-менеджер қызметтерін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button