Жарылыстан зардап шеккендер саны 88-ге жетті
Жамбыл облысындағы әскери бөлімдегі жарылыстан 88 адам зардап шеккен. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев айтты.
«Ауруханаларға 88 адам жүгінді. Оларға қалалық ауруханада, Байзақ ауданының орталық ауруханасында тиісті медициналық көмек көрсетілді. Медициналық көмек көрсетудің арқасында жеңіл жарақат алған 60-қа жуық адам үйіне қайтарылды», – деді облыс басшысы Жамбыл өңірлік көммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.
Оның айтуынша, қазіргі таңда Тараз қалалық орталық ауруханасында 28 адам жатыр.
«Оның алтауының жағдайы орташа ауыр. Бірақ, өмірлеріне ешқандай қауіп жоқ. Таңертең науқастармен кездестік, жағдайларын сұрадық. Дәрігерлерден оларға қандай көмек көрсететіндігін білдік. Дәрі-дәрмекке қатысты еш мәселе жоқ. Қазір олардың жағдайы тұрақты», – деді Бердібек Сапарбаев.