Шығыс Қазақстан облысында мүшәйра жеңімпаздары анықталды

Кеше «Jas Otan», оның ішінде Шығыс Қазақстан облысы және Жазушылар одағы Семей қалалық филиалдарының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік – Тәңір берген тәтті сый» атты жас ақындар  мүшәйрасы өтті.

Аталған шара ҚР Тәуелсіздігінің 30-жылдық мерейтойын атап өту, сонымен қатар жастар арасында ұлттық бірегейлік пен ұлттық құндылықтарды насихаттау, жас ақындардың шығармашылығын дамытуға жағдай жасау, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.

Мүшәйраға Шығыс Қазақстан облысының 18 бен 35 жас аралығындағы 30 жас ақыны қатысты.

Байқау нәтижесінде бас жүлдені Бауыржан Игілік, 2 орынды Жасұлан Мақаев және Төлеутай Динара, 3 орынды Еркінұлы Қуаныш, Жақсылықов Асқарбек және Ғалымбек Дильназ иеленді. Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар табысталды.

Ал байқауға қатысқан барлық қатысушылар арнайы сыйлықтармен марапатталды.