Коронавирусқа қарсы халқы ең көп екпе салдырған мемлекеттер анықталды. Тізімді Қытай мен Үндістан бастап тұр, деп хабарлайды Елорда Инфо коронавирустың таралуын тежеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметіне сілтеме жасап.
Әлемде 4 миллиард 970 миллионнан астам адам COVID-19 індетіне қарсы вакцина алды.
Вакцина дозаларының ең көп саны Қытайда қолданылған (1 млрд 950 млн доза). Одан кейінгі орындарда Үндістан (580 миллион 770 мың), АҚШ (362 миллион 660 мың) және Бразилия (176 миллион 620 мың доза) тұр.
Еске сала кетсек, әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны 212 миллион 669 мыңнан асты. Қауіпті вирус салдарынан 4 миллион 445 мыңнан астам адам қайтыс болды.