Біздің команда соңғы 25 жылда алғаш рет жазғы Паралимпиадаға 20-дан астам спортшысын жіберді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық паралимпиадашылар жүзуден жеті, дзюдодан жеті, пауэрлифтингтен бес, таэквондодан үш, жеңіл атлетикадан екі лицензия жеңіп алды. Тағы бір айта кетерлігі, қазақстандықтар алғаш рет каноэ мен оқ ату сияқты спорт түрлерінен лицензия алды.
Ұлттық құрама туын таэквандодан екі дүркін әлем чемпионы, үш дүркін Азия чемпионы және жұптық таэквондодан Еуропаның екі дүркін чемпионы Нұрлан Домбаев ұстап шығады.
Паралимпиададан Қазақстан құрамы:
Пара жүзу – Сиязбек Далиев, Нұрәли Советханов, Зүлфия Ғабидулина, Роман Агалаков, Әлия Рахымбекова, Нұрдәулет Жұмағали, Ержан Сәлімгереев;
Пара дзюдо – Аманжол Жанбота, Зарина Байбатина, Дәулет Теміржан, Даяна Федосова, Ануар Сариев, Ғалымжан Смағұлұлы, Ерлан Утепов;
Пара пауэрлифтинг – Давид Дегтерев, Раушан Қойшыбаева, Рахмеджан Хамаев, Гүлбану Абдыхалыкова, Алина Солодухина; Пара таеквондо – Нұрлан Домбаев, Нышан Өмірәлі, Кәмила Досмалова;
Пара жеңіл атлетика – Дастан Мұқашбеков, Салтанат Әбілхасымқызы;
Пара каноэ – Спатай Бибарыс;
Пара нысана ату – Айсұлу Жұмабаева.
Байрақты бәсекенің ашылу салтанаты 24 тамыз сағат 17:00-ге жоспарланған. «Qazsport» телеарнасы ел спортшылары қатысатын жарыстарды тікелей эфирде көрсетеді.