БастыДенсаулық

Үндістанда коронавирус жұқтыру дерегі Италиядан асып түсті

Үндістан коронавирусты жұқтырған саны бойынша Италиядан басып озып, әлем елдерінің арасында алтыншы орынға шықты.

Елде расталған деректер саны 247 мыңнан асады. Соңғы тәуліктің өзінде 10 мыңға жуық жаңа оқиға тіркелген. Ал көз жұмғандар саны 7 мыңға жуықтайды. Елде наурызда карантин енгізілгеннен кейін ірі шаһарларда жұмыс істейтін еңбек мигранттары жақында ғана ауылдарына оралған еді. Енді міне жаңа деректердің дені сол елді мекендерде тіркеліп жатыр. Соған қарамастан елде өндіріс қалпына келтіріле бастады. Ұшақтар ішкі рейстерді орындап, пойыздар жүріп жатыр. Ал ертең елде ғибадатханалар мен сауда орталықтары ашылуы тиіс.

Басқа жаңалықтар

Back to top button