Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Пусан қаласында (Корея Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығын ашу туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
«Пусан қаласында (Корея Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығы ашылсын.
Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын», делінген құжатта.