БастыБілім

«Алтын белгіге» үміткерлер үшін талап күшейтіледі

Келесі оқу жылынан бастап «Алтын белгіге» үміткерлер үшін талаптар күшейтіледі. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

«Келесі оқу жылынан бастап «Алтын белгіге» үміткерлер үшін талаптар ары қарай күшейтіледі. Біз оны кезең-кезеңмен жыл сайын өзгертіп жатырмыз. Өткен жылдары бұл мәселені көтеріп, біраз өзгерістер енгіздік. Биыл енді екінші кезең қамтылады. Екінші кезең дегеніміз, жылдық «бес» бағасымен қатар, үміткерлердің 5-11 сынып аралығындағы барлық тоқсандық бағалары да «5» болуы керек деген қағида енгізіледі. Оны өте маңызды қағида деп санаймын. Сондықтан осы шешімді қабылдап отырмыз», – деді министр.

Оның айтуынша, түлектер үшін емтиханды тәуелсіз ұйым өткізетін болады.

Сымбат Төлегенова

Тулегенова Сымбат Тулегеновна родилась 9 марта 2000 года в городе Жезказган, Карагандинская область. Окончила Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева (2017-2021). Специальность - журналист.

Басқа жаңалықтар

Back to top button