
бүгінгі күнге дейін республикада бірінші компонентін 6,1 млн адам алды, тиісті халықтың қамтылуы 62% құрады, екінші компонентін 4,8 млн-ға жуық адам алды, бұл тиісті халықтың 48%-ын қамтиды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында айтты.
Министрдің айтуынша, ең көп қамту 6 аймақта байқалады: Шымкент, Алматы қалаларында, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында. Бірінші дозамен вакциналаудың ең төменгі пайызы Маңғыстау облысында байқалады.
«Өңірлер вакцинаның жеткілікті мөлшерімен қамтамасыз етілген. Вакциналар кесте бойынша жеткізілуде. Қытайдың Sinopharm вакцинасының бірінші партиясы барлық аймақтарға жеткізілді. Жеткізу жалғасуда», — деді А. Цой.