БастыСпорт

«Канелоның» промоутері Головкинмен жекпе-жек туралы мәлімдеме жасады

«Қаржылық тұрғыда жөнсіз». «Канелоның» промоутері Головкинмен жекпе-жек туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz
Мұның алдындағы екі кездесу өте үлкен аудитория жинаған.

Golden Boy промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес ESPN Deportes телеарнасына берген сұхбатында төрт салмақта әлем чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альварестің (53-1-2, 36 КО) келесі жекпе-жегіне қатысты жағдайды айтып берді. Промоутердің сөзін vRINGe.com порталы беріп отыр.

Golden Boy президенті «Канелоның» келесі жекпе-жегіне қатысты сыбыстарға нүкте қойды.

«Бес-алты қарсылас бар, ешқайсын есептен шығарып отырған жоқпыз, өйткені бәрі шамалас деңгейде. кіммен жұдырықтасқысы келерін Сауль өзі шешеді. Әзірге нақты ұсыныс жоқ, тек ықтимал қарсылас қарастырып отырмыз, сондықтан бұл бойынша алып-қашпа әңгімелерде негіз жоқ. Шегаралар жабық, сондықтан адамдар бұрынғыдай жол жүре алмайды. Бұл біз ескеріп отырған тағы бір аспект».

Гомеске аталған тізімде орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1, 36 КО) бар ма деген сұрақ қойылды.

«Жоқ, Головкинсіз жасалған тізім. Мұндай жекпе-жекті көрерменсіз өткізу қаржылық тұрғыда жөнсіз болады. «Канело» мен Головкин арасындағы алдыңғы екі жекпе-жек Вегаста өте көрермен жинай алды. Екеуі де тағы бір жекпе-жекке дайын, бірақ, ол 2021 жылы өтеді», – дейді Гомес.

Басқа жаңалықтар

Back to top button